Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ә.Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы А.Григорянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

Армян тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ахуалды талқылады.

Әсет Исекешев әріптесіне Қазақстан тарапының ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдау, күштік құралдарды пайдаланудан бас тарту қажеттігі, сондай-ақ, мәселені тек саяси және дипломатиялық тұрғыдан шешу туралы ұстанымын жеткізді. 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?